Семинар-тренинг: Эмоционалды интеллект. Эмоционалды интеллекттің жұмыстың нәтижелілігіне әсері

Семинар-тренинг: Эмоционалды интеллект. Эмоционалды интеллекттің жұмыстың нәтижелілігіне әсері

11.02.2023 жылы симуляциялық және медициналық білім беру кафедрасының оқытушылары Т. К. Кунслямова мен Э. А. Жакупбекова «СМУ» КеАҚ № 3 студенттер үйінде тұратын студенттерге «Эмоционалды интеллект. Эмоционалды интеллекттің жұмыстың нәтижелілігіне әсері» атты семинар-тренинг өткізді. Кездесу барысында оқытушылар эмоционалды интеллекттің не екендігіне, маңыздылығына тоқтала отырып, аталған тақырыпта әр түрлі тренингтер мен сұрақ -жауаптар жүргізді. Студенттер жүргізілген тренингтер мен сұрақ-жауаптарға белсене қатысып, өз ойларымен бөлісті. Аталған іс-шара студенттер үшін өте пайдалы, қызықты болғандығын айтып соңында оң кері байланыстарын берді.[/vc_column_text]

[/vc_column][/vc_row]

Рубрикалар: Категориясыз