2023 жылдың 9 ақпанында балалар аурулары пропедевтикасы кафедрасының ассистенті Тугелбаева А. М. Семей қаласындағы ТВК-6 телеарнасының «Бағыт және Бағдар» бағдарламасына сұхбатқа шақырылды. Сұхбатта «Бала денсаулығын нығайту, түрлі аурулардың алды алу» тақырыбында отбасын жоспарлау, баланың өсуі мен дамуы, кейбір ауруларды ерте диагностикалау және алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан алдын алу шаралары сияқты мәселелер талқыланды. Сұхбат еркін жағдайда өтті және тұрғындар үшін пайдалы болады деп сенеміз.