«Топографиялық анатомия» пәнін оқытудағы сандық қолдауды енгізу

«Топографиялық анатомия» пәнін оқытудағы сандық қолдауды енгізу

Профессор Н. А. Хлопов атындағы анатомия, гистология және топографиялық анатомия кафедрасының оқытушылары 4 курс студенттерімен бірлесе (Уркумбаев Дарын – 4306 топ және Амешова Анэля – 4102 топ «Жалпы медицина») хирургиялық аспаптарды оқуға арналған цифрлық методикалық нұсқау құралын әзірлеп, оқу барысына енгізді. Бұл жаңа оқу құралы арнайы QR-код арқылы әр хирургиялық аспаптарды смартфон арқылы сканерлеп қазақша, орысша және ағылшынша атауын лезде оқи алады. Бұл құралдың басымшылығы тек қана топографиялық анатомия пәнін оқитын студенттер емес сонымен қатар әр қызығушылық танытатын адам кез келген уақытта оқып таныса алады. Себебі хирургиялық аспаптар жинағы кафедрамыздың дәлізінде арнайы стендтерге бекітіліп көрнекті жерге орнатылған. Яғни білім алушылар ешқандай кітапсыз, оқытушының қатысуынсыз өз беттерімен оқып, үйрене алады.

Бұл ендірменің авторлары – профессор Н. А. Хлопов атындағы анатомия, гистология және топографиялық анатомия кафедрасының оқытушылары.[/vc_column_text]

[/vc_column][/vc_row]

Рубрикалар: Оқу процесі