Семей медицина университеті медициналық білім беру бойынша халықаралық консорциумға қосылды

Семей медицина университеті медициналық білім беру бойынша халықаралық консорциумға қосылды

Ресей мен Қазақстанның төрт университеті медициналық білім беру бойынша халықаралық консорциум құрды. Бастама Курашов атындағы Қазан мемлекеттік медицина университетіне тиесілі. ҚММУ-нен басқа оның құрамына И. И. Мечников атындағы Солтүстік-Батыс мемлекеттік медицина университеті (Санкт-Петербург), Қарағанды медициналық университеті (Қазақстан), Семей медициналық университеті (Қазақстан) бар.

2023 жылдың 15 ақпанында «Интеграцияланған білім беру бағдарламаларын әзірлеу және енгізу» жобасын іске асыру жөніндегі консорциум кеңесінің бірінші отырысы өтті.

Кеңес отырысында Л. М. Мухарямова – Қазан мемлекеттік медицина университетінің бірінші проректоры, В. П. Риклефс – Қарағанды медицина университетінің стратегиялық даму және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры, Ж. К. Смаилова – Семей медицина университеті Басқарма төрағасының оқу және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, З. В. Лопатин – И. И. Мечников атындағы Солтүстік-Батыс мемлекеттік медицина университеті оқу бөлімінің меңгерушісі сөз сөйледі. Спикерлер университеттерде интеграцияланған білім беру бағдарламаларын әзірлеу және енгізу тәжірибесімен бөлісті.

Отырысқа қатысушылар консорциумның жұмыс жоспарларын, соның ішінде оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді жасау, бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеу, бірлескен конференциялар ұйымдастыру, оқытушылардың академиялық ұтқырлығы бойынша жұмыстарды атап өтті.