2023 жылғы 9 ақпан күні Семей медицина университетінің стоматологиялық пәндер және жақ-бет хирургиясы кафедрасының оқытушысы Тұрұсбекова Д. Х. және стоматология факультетінің 4 курс студенттері Семей қаласының Ыбырай Алтынсарин атындағы № 37 мектеп-гимназиясына барып, химия-биология бағытын таңдаған 10-11 сынып оқушыларымен кездесу жүргізді. Кәсіби бағдар жұмыстарын жүргізу мақсатында оқушылармен сұхбат жүргізілді.
Кездесулер барысында оқушыларға Семей медицина университеті туралы жан-жақты мәлімет беріліп, университет жайында брошюралар таратылды. Оқытушылар Семей медицина университетінің көпетген жетістіктері жайлы тоқталды. Сонымен қатар, Medical Foundation дайындық курсының талапкерлерге ұсынатын мұмкіндіктерін атап өтті.
Оқушылар мен ұстаздардың сұрақтарына асс. Тұрұсбекова Д. Х. және студенттер жауап берді. Кездесу барысында оқушылар студенттерге студентттік өмір жайлы қызықтырған сұрақтар қойды, студенттер өз кезегінде, студенттік үйірмелер және қызықды жобалар бар екенін айтты.
Сұхбат барысында, мектептің 35 оқушысы Семей медицина университетіне, оның ішінде стоматология факультетіне түсуге ниет білдірді. Өз кезегінде № 37 лицейдің педагогтары мен оқушылары студенттер мен басшының жұмысына жоғары баға беріп, алғыстарын білдірді. Оң кері байланыс алынды.