2023 жылдың 11 ақпанында профессор Н. А. Хлопов атындағы анатомия, гистология және топографиялық анатомия кафедрасында студенттердің оқуға, ғылыммен айналысуға және беделді білім алуға деген ынтасын арттыру мақсатында онлайн-режимде дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге кафедра оқытушылары, “Жалпы медицина” факультетінің 2 курс студенттері, университетіміздің түлектері қатысты. Дөңгелек үстелге қатысушылар біздің университет түлектерінің қатысуымен өткен семинарға қатысты, семинардың спикері Ritsumeikan Asia Pacific University университетінің PhD профессоры Мейірманов Серік болды. Жапон тілінен аударғанда Ritsumeikan “Тағдырыңызды құруға болатын орын” дегенді білдіреді. PhD профессор Мейірманов Серік семинарға қатысушылармен Жапониядағы ғалымның мансабының басталуы, ғылым мен медицина саласындағы жетістіктері туралы бөлісті.[/vc_column_text]
[/vc_column][/vc_row]