«Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдарының бақылау және қадағалау жөніндегі іс-шараларды өткізуді ұйымдастыру» семинары

«Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдарының бақылау және қадағалау жөніндегі іс-шараларды өткізуді ұйымдастыру» семинары

2023 жылғы 17 ақпанда қоғамдық денсаулық кафедрасының доценті Ш. М. Токешева, “Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Абай облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті” РММ өкілдерімен бірлесіп, “Қоғамдық денсаулық сақтау” мамандығының 4 курс студенттеріне онлайн режимінде семинар өткізді. Семинардың тақырыбы: “Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарының бақылау және қадағалау жөніндегі іс-шараларды өткізуін ұйымдастыру.

Доцент Ш. М. Токешева білім алушыларды мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалаудың (МСЭҚ) ұйымдық-құқықтық негіздерімен, ҚР МСЭҚ органдарының құрылымымен, санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау саласындағы негізгі нормативтік-құқықтық актілермен таныстырды.

Білім беру және тәрбие объектілерін қадағалау және бақылау бөлімінің басшысы Г. М. Жақиянова халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері, бақылау және қадағалау объектілерін тәуекел дәрежесі бойынша бөлу, қолданыстағы мемлекеттік бақылау нысандары туралы ақпарат берді. Қадағалаудағы объектілерді тексеру нәтижелері бойынша құжаттаманы ресімдеу тәртібіне қатысты мәселелер егжей-тегжейлі қаралды.

Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды, оларға лекторлар толық жауаптар берді. Мұндай семинарларды өткізу білім алушылардың қажетті құзыреттерді игеруіне ықпал етеді.

 

Қоғамдық денсаулық кафедрасының доценті Ш. М. Токешева, оқытушы М. Б. Бейсенгазина

Жарияланды:
Рубрикалар: Оқу процесі