«Мейіргер ісі» қысқартылған бағдарлама түлектеріне диплом табыстау салтанаты өткізілді

«Мейіргер ісі» қысқартылған бағдарлама түлектеріне диплом табыстау салтанаты өткізілді

🎉«Мейіргер ісі» қысқартылған бағдарлама түлектеріне диплом табыстау салтанаты өткізілді.

🗓️ 20 ақпан күні «Семей медицина университетінде» КеАҚ 2 жыл 6 ай қысқартылған бағдарлама түлектеріне диплом табыстау салтанаты өтті. Салтанатты шараға қонақтар мен түлектерді «СМУ» КеАҚ Басқарма Төрағасы – ректор, м.ғ.д., профессор, Алтай Ахметқалиұлы Дюсупов құттықтады.

♦️Біздің университетіміздің тарихында 2 рет «Мейіргер ісі» қысқартылған бағдарлама түлектері бітіруде. 2019 жылы осы бағдарлама бойынша алғашқы қабылдау жүргізіліп, 2022 жылы «Мейіргер ісі» қысқартылған бағдарлама түлектері алғаш рет бітірді. 14 мейірбике мейіргер ісі саласында білімін жетілдіру мүмкіндігіне ие болды.

♦️Университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы мен әкімшілігі түлектерімізге мансаптық өсу мен алдағы уақытта табыс тілейді.

♦️Түлектер мейіргер ісі кафедрасының меңгерушісі Жуманбаева Жанар Махмутовна, топ кураторы Болатова Меруерт Болатқызы, мейіргер ісі кафедрасының ассистенттеріне алғыстарын білдірді.

[/vc_column_text]

[/vc_column][/vc_row]