2023 жылдың 15 ақпанында Абай облысы Семей қаласының Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 34 жыл толуына орай интернационалист-жауынгерлермен кездесу өтті. Шараға Ауған соғысының ардагерлері, мектептің тәрбиешілері, ұстаздары мен оқушылары, сондай-ақ, Семей медицина университеті коммерциялық емес акционерлік қоғамының әскери кафедра оқытушылар құрамы мен студенттері қатысты.
Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 34 жыл толуына арналған шара барысында салтанатты ашылу рәсімі болып, қатысушылар Ауғанстанда қаза тапқан жауынгер-интернационалистер ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.
Мұнда жиналғандар осы соғыста ерлікпен қаза тапқандардың барлығын бір минут үнсіздікпен еске алды. Іс-шара Абай атындағы театрда концерттік бағдарламамен жалғасты, сонымен қатар, Ауған жауынгерлеріне алғыс хаттарды тапсыру салтанатты рәсімі өтті.
Осындай іс-шаралар жас ұрпақтың бойына Отанға деген сүйіспеншілік рухын қалыптастырады. Бұл кездесудің мақсаты – жастарды патриоттық сезімге баулу, Отанды қорғауға дайындықты сөзбен ғана емес, іспен де тәрбиелеу.
Тәрбие жұмысына жауапты медицина қызметінің подполковнигі Н. Смаилов