Кафедраның тәрбие жұмысы аясында студенттердің бос уақытын ұйымдастыру мақсатында «Квиз, плиз!» командалық-интеллектуалдық ойыны өткізілді. Сенбілік іс-шаралар кестесіне сәйкес ойын 2023 жылдың 18 ақпанында «СМУ» КеАҚ № 2 Студенттер үйінде өтті.
Мұндай ойындар оқушылардың ұжымдық рухын, ұйымшылдығын дамытуға бағытталған. Ойынның арнайы әзірленген тапсырмалары мен сұрақтары жалпы эрудицияға, логикаға, сонымен қатар медицина саласындағы білімге бағытталды. Ойынғы қатысушылар ойын барысында көтеріңкі көңіл-күй мен жағымды эмоцияға кенелді. Сұрақтардың қиындығына қарамыстан студенттер дұрыс жауап таба білді. Жеңімпаздар дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды. Шара жоғары деңгейде өтті. «СМУ» КеАҚ кәсіподақ комитеті демеушілік көмек көрсетті.[/vc_column_text]
[/vc_column][/vc_row]