2023 жылдың 17 ақпан күні «Семей медицина университеті» КеАҚ әскери кафедрасында оқытушы медицина қызметінің подполковнигі Смаилов Нұрбек Саденовичтың бастауымен және тобымыздың ұйымдастыруымен Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 34 жыл толуына орай әскери-патриоттық іс-шара өткізілді.
Аталған іс-шара мақсаты – өскелең жас ұрпаққа интернационалист-жауынгерлердің ерен ерліктерін үлгі етіп, Отанға деген сүйіспеншілік рухын қалыптастыру.
Өз елінен жырақ жерде соғысқан, әскери антына адал берілген, қайсарлық пен батылдықтың жоғары үлгілерін көрсеткен барлық интернационалист-жауынгерлерді еске алдық.
Ауған соғысының тарихи мағыналық ақиқатын ашу, тәуелсіздік жолында күрескен ағаларымыздың ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ету, бүгін өзімізбен бірге елінің көсегесін көгертуге ат салысып жүрген ардагер жауынгерлерді қадірлеп, құрметтеу біздің борышымыз болып табылады. Отан үшін жанын пида етіп, азаматтық борышын абыроймен өтеген барлық қандастарымыздың есімі тарихта алтын әріптермен жазылатыны сөзсіз. Бұл күн – көңілде сызы, жүректе ізі қалған ауыр да азапты күн болып қала бермек. Батырларға деген сый-құрмет ешқашан жоғалмайды.
3316 топ студенттері