2023 жылдың 23 ақпанында «СМУ» КеАҚ профессор М. М. Уразалин атындағы микробиология кафедрасы «Жалпы медицина» факультетінің 1220 топ студенттерімен бірлесіп, 1 курс студенттері арасында «Тіл – достықтың алтын көпірі» тақырыбында олимпиада өткізді.
Жарысқа «Жалпы медицина» және «Педиатрия» факультетінің 1219, 1220 1230 топ студенттері белсене қатысты. Мұндай ойындар студенттердің ұжымдық рухын, ұйымшылдығын дамытуға бағытталған. Ойынның арнайы әзірленген тапсырмалары мен сұрақтары жалпы эрудицияға, логикаға, сонымен қатар медицина саласындағы білімге бағытталды.
Ойынның барлық қатысушылары көптеген жағымды эмоциялар алып, дипломдармен марапатталды. Шара жоғары деңгейде өтті.