Ақпан айынан бастап «Семей медицина университетінің» КеАҚ 70 жылдығына арналған ішкі аурулар және ревматология кафедрасының ғылыми гастроэнтерологиялық мектебінің аясында «Қысқы гепатолог мектебінің» шеберлік сыныбы онлайн форматта өтті. 2023 жылғы 20 ақпаннан 24 ақпанға дейін жалпы тәжірибелік дәрігер-интерндерге, резиденттерге және гастроэнтеролог дәрігердерге, терапевттерге, инфекционисттерге арналған (2023 жылғы 6 ақпандағы № 88-С бұйрығы).
Шеберлік сыныбы «Ішкі аурулар мамандары қазақ қауымдастығы» ҚҚ төрағасы, С. Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ гастроэнтерология кафедрасының ассистенті қоғамдық денсаулық сақтау магистрі – Джумабаева Алмагүл Еркінқызы шақыруымен ұйымдастырылды.
Қысқы гепатолог мектебінің мақсаты – білім, ғылым және тәжірибе үштігі бағдарламасын жүзеге асыру, дәлелді медицина тұрғысынан бауыр ауруларын диагностикалау және емдеуде дәрігерлердің құзыреттілігін арттыру.
Мастер-класс келесі өзекті тақырыптар бойынша өткізілді:
- Бауыр фиброзының инвазивті емес маркерлері.
- БАД және энергетикалық сусындарды ұзақ уақыт қолданғанда бауырдың зақымдануы.
- В, С, Д гепатиттеріне заманауи вирусқа қарсы терапия.
- Бауырдың жедел және созылмалы вирусты емес инфекциялық аурулары.
- Бауыр ақаулары бар науқасты трансплантацияға дайындау, операциядан кейін иммуносупрессивті ем.
Шеберлік сыныбының материалдары ауқымды болды, әдебиеттерге шолулар, дәлелді медицинаға негізделген заманауи деректер және практикалық тәжірибе нәтижелері, клиникалық жағдайлардан тұрды, бұл кәсіби қызығушылық пен оқу процесінің сапасын айтарлықтай арттырады.
Шеберлік сыныбының студенттері талқылауға белсене қатысып, сұрақтар қойып, конструктивті кері байланыс алды.
Сауалнама нәтижелері бойынша жүргізілген кері байланыс талдауы «Гепатологтың қысқы мектебінің» практикалық маңыздылығына жоғары баға берді.
Ішкі аурулар және ревматология кафедрасы
[/vc_column_text][vc_single_image image=”137098″ img_size=”large” alignment=”center” onclick=”link_image” lazy_loading=”true”][/vc_column][/vc_row]