Семей қ. ЖТД кафедрасында «СМУ» КеАҚ 70 жылдығына арналған «2022-2023 оқу жылының 7 курсының үздік интерн-ЖТД» атты олимпиадасы

Семей қ. ЖТД кафедрасында «СМУ» КеАҚ 70 жылдығына арналған «2022-2023 оқу жылының 7 курсының үздік интерн-ЖТД» атты олимпиадасы

2023 жылғы 25 ақпанда «СМУ» КеАҚ Семей қ. ЖТД кафедрасының базасында «СМУ» КеАҚ-ның 70 жылдығына арналған «2022-2023 оқу жылындағы 7 курстың үздік интерн-ЖТД» атты олимпиада өтті. Жыл сайын кафедрада 7 курс ЖТД интерндер арасында олимпиаданы өткізу қазірдің өзінде жақсы дәстүрге айналуда және оған жыл санап интерндердің қызығушылығы артуда. Олимпиада кафедра меңгерушісі, м. ғ. д., профессор А. А. Дюсупованың және әділ қазылар мүшелері доцент Т. М. Беляева, кафедра доцентінің м. а. Р.И. Фаизова және кафедра оқу ісінің меңгерушісі А. М. Хисметованың құттықтауынан басталды.

Бұл іс-шара үш кезеңнен тұрды. Бірінші кезең ішкі аурулар, жедел медициналық көмек, балалар аурулары және денсаулық сақтау менеджменті бойынша сұрақтарды қамтитын блиц-сауалнама түрінде өтті. Бірінші кезеңнің нәтижелері бойынша екінші кезеңге өткен 16 үздік ЖТД-интерндер іріктелді.

Екінші кезеңде іріктелген интерндер 4 командаға 4 интерннан бөлінді. Осы кезеңде интерн-дәрігерлерге ішкі аурулар, жедел медициналық көмек, балалар аурулары және денсаулық сақтау менеджменті бойынша тапсырмалар ұсынылатын викторина ойыны ұсынылды. Тапсырмалар қиындық деңгейіне байланысты 10-нан 50-ге дейінгі балмен бағаланды. Екінші кезең қорытындысы бойынша ең көп балл жинаған Команда «СМУ» КеАҚ 70 жылдығына арналған «2022-2023 оқу жылының 7 курс ЖТД интерн-дәрігерлері арасындағы үздік команда» номинациясында жеңімпаз атанды және үшінші кезеңге өтті.

Олимпиаданың қорытынды кезеңі «СМУ» КеАҚ-ның 70 жылдығына арналған «2022-2023 оқу жылының 7 курс ЖТД интерн-дәрігерлері арасындағы үздік интернді» анықтау үшін жеңімпаз команданың төрт интерндар арасында жағдайлық есептерді шешу және тәжірибелік дағдыларды орындау түрінде өтті.

Олимпиада қорытындысы бойынша «Үздік команда» номинациясы бойынша ЖТД 7 курс дәрігер-интерндерінен құралған команда жеңіске жетті: Тойлыбай Л. (707 гр.), Сапаржан А. (707 гр.), Сансызбай Н. (711 гр.) және Наурызбеков Н. (713 гр.). «2022-2023 оқу жылының 7 курс ЖТД үздік дәрігер-интерн» номинациясы бойынша бас жүлдені 707 топтың интерні Сапаржан А. жеңіп алды.

Жеңімпаздар құрмет грамоталарымен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Кафедра меңгерушісі м.ғ.д., профессор Дюсупова Ажар Ахметқалиқызы жеңімпаздарды құттықтап, одан әрі кәсіби жетілдіруін тіледі.

Олимпиаданы ұйымдастырушы м. ғ. к., кафедра доцентінің м. а. Г. Т. Камашева. Олимпиаданы өткізуге кафедра ассистенті А. С. Джармухаметова ат салысты.[/vc_column_text]

[/vc_column][/vc_row]

Рубрикалар: Конкурстар