Қазақстандағы мерекелер күнтізбесінде Алғыс айту күнінің пайда болуы кездейсоқ емес. Оның пайда болуы еліміздің терең тарихымен байланысты. Алғыс айту күні көптеген елдерде бар және әрқайсысының өзіндік мағынасы бар. Қазақстанда бұл мерекенің мазмұны ерекше және әр ұрпақ үшін әр түрлі.
Мереке қарсаңында 2023 жылдың 28 ақпанында м.ғ.д., профессор С. О. Тапбергенов атындағы «Биохимия және химиялық пәндер» кафедрасында «Стоматология» мамандығының 202 кураторлық тобының студенттері кафедра ұжымын «Алғыс айту» күнімен құттықтады. Студенттер алғыстарын білдіріп, құттықтаулары бар бейнеролик түсіріп, тосын сыйлары бар қабырға газетін дайындады.
Алғыс сөздері және қарапайым сыпайылық көңілді көтереді, күлімсіретеді, өзінің қажет екенін сезінуге көмектеседі.
Жақсы сөзбен жомарт болыңыз, басқалардың, ата-аналардың, достардың, әріптестердің сіз үшін жасаған игі істері үшін және бәріміз осы үлкен планетада көп ұлтты тату отбасында болғанымыз үшін «рахмет» деп айтуды ұмытпаңыз!
Кафедраның тәрбие жұмысына жауапты оқытушы К. Т. Сыдыкова