Дүниежүзілік энцефалитпен күресу күні 2013 жылы энцефалит қоғамының бастамасымен осы аурудың өлім қаупі бар екенін еске түсіру және жаңа ықтимал жағдайлардың алдын алу үшін белгіленді. Энцефалиттік вирусты жұқтырған кененің шағуынан энцефалит пайда болатыны белгілі. Ал бұл орталық жүйке жүйесіне әсер ететін өте қауіпті ауру. Жедел инфекцияның ауыр ағымы өмір бойына мүгедектікке әкеледі. Ал ең ауыр жағдайы өлімге әкелуі мүмкін. Ақпан – қыс мезгілінің соңғы айы. Кенелердің оянуына уақыт әлі ерте, бірақ дәл қазір өзіңізге және жақындарыңызға қамқорлық жасайтын уақыт келді.
25.02.2023 жылы, студенттерді ақпараттандыру және профилактика мақсатында, м.ғ. д., профессор С. О. Тапбергенов атындағы биохимия және химиялық пәндер кафедрасы № 4 студенттер үйінде іс-шара өткізді. Кене энцефалитінің алдын алу шаралары, жұғу жолдары туралы әңгіме жүргізіліп, ақпарат жазылған брошюралар таратылды. Ары қарай, әңгімелесу нәтижелері бойынша викторина түрінде кері байланыс өткізілді. Жұқпалы аурулардың алдын алудың маңыздылығы туралы хабардар ететіндіктен, студенттер арасында мұндай іс-шараларды өткізу өте маңызды. Аман болыңыз және өзіңізді қорғаңыз!
М.ғ.д., профессор С. О. Тапбергенов атындағы биохимия және химиялық пәндер кафедрасы ұжымы

