Ф. М. Достоевский атындағы әдеби-мемориалдық мұражайына бару

Ф. М. Достоевский атындағы әдеби-мемориалдық мұражайына бару

2023 жылдың 27 ақпанында Ф. М. Достоевский атындағы әдеби-мемориалдық мұражайында «Аса қызық мамандық» атты шара өткізілді. Экскурсия жұмысы секторының меңгерушісі Сарсембекова Сана Амантайқызы кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізу мақсатымен Семей қаласының «№ 31 орта мектеп» КММ-нің 9-сынып оқушыларын, сонымен қатар «СМУ» КеАҚ-ның өкілдерін шақырды.

Кездесу барысында студенттер «СМУ» КеАҚ туралы имидждік бейнеролигын көріп, Семей медицина университеті туралы толық ақпарат алды, университет туралы брошюралар таратылды.

Түлектерді жұмыспен қамту және Medical Foundation әдіскері Қайгелдинова С. А. «СМУ» КеАҚ-ның көп жылғы жетістіктері туралы, оқуға түсу шарттары туралы, «Medical Foundation» дайындық бөлімінің оқу мүмкіндіктерін атап өтті.

Студенттердің барлық сұрақтарына жалпы медицина факультетінің 3 және 4 курс студенттері Аманов Еркебұлан, Иканова Айгерім және Төлеген Динара жауап берді. Кездесу барысында студенттер оқушыларға студенттік өмір, оқу жағдайлары, оқу үдерісіндегі қиындықтар мен проблемалар туралы сұрақтар қойды. Студенттер университетте өзін-өзі жүзеге асыру және өзін-өзі дамытудың зор мүмкіндіктері туралы, сонымен қатар әртүрлі студенттік клубтарға қатысу мүмкіндіктері, Қазақстан Республикасының басқа қалаларына және шетелдерге академиялық ұтқырлық туралы айтты.

Кездесу соңында мамандық таңдау тақырыбында мектеп оқушылары арасында сауалнама жүргізілді.

Сондай-ақ «СМУ» КеАҚ өкілдеріне алғыс хаттар табыс етілді.[/vc_column_text]

[/vc_column][/vc_row]

Рубрикалар: Қоғамдық өмір