«Менингококк инфекцияны ТОҚТАТУ!» тақырыбындағы университетаралық кафедрааралық олимпиада

«Менингококк инфекцияны ТОҚТАТУ!» тақырыбындағы университетаралық кафедрааралық олимпиада

28.02.2023 ж. жұқпалы аурулар, дерматовенерология және иммунология кафедрасы “СМУ” КеАҚ жалпы дәрігерлік практика кафедрасымен бірлесіп «Менингококк инфекцияны ТОҚТАТУ!» тақырыбында университетаралық кафедрааралық олимпиада өткізді.

Олимпиадаға 701, 703 ЖТД интерндері (медицина магистрі, жалпы тәжірибелік дәрігер кафедрасының ассистенті Досбаева А. М.), 620 (оқытушы Смаил Е. М.) қазіргі уақытта кафедрада оқитын топтар. Олимпиадаға «ЖМФ» факультетінің 5432 топ студенттері (оқытушысы Исабекова Ж. Б.) шақырылды. Қазылар алқасының төрағасы тіс дәрігері Абдина А. Қ.

Олимпиада интерндердің практикалық және ғылыми-зерттеу қызметіне деген қызығушылығын анықтау және дамыту, болашақ жалпы практика дәрігерінің құзыреттерін қалыптастыру үшін қажетті жағдайлар жасау, жалпы жұқпалы аурулар саласындағы теориялық және практикалық білімді тарату және танымал ету және резидентураға іріктеу мақсатында өткізілді. Олимпиаданың барлық қатысушыларына сертификаттар табысталды.

 

Шаймарданов Н. К., Смаил Е. М.

[/vc_column_text]

[/vc_column][/vc_row]