Үшжақты Меморандумға қол қойылды

7 ақпан күні Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының Медорталығы ауруханасына «Семей медицина университеті» КеАҚ-ның және Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының «Ядролық медицина және онкология орталығы» өкілдері барды. Басқосуда үшжақты Меморандумға қол қойылды. Делегация құрамында «Семей медицина университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы – Ректоры Алтай Дюсупов, Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының «Ядролық медицина және онкология орталығының» директоры…

Семей медицина университетінің білікті, тәжірибелі дәрігерлері Түркияға аттанады

«Семей медицина университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы – Ректоры А. Дюсуповтың шешімімен университеттің білікті, мықты дәрігерлері Түркия Республикасындағы жер сілкісінен зардап шеккен азаматтарға көмек қолын созу үшін Түркия еліне аттануға дайын. Олардың қатарында: Б. С. Буланов атындағы жүрек-тамыр және торакалды хирургия кафедра меңгерушісі, жоғары санатты дәрігер, Ангиохирург (тамырлы хирург) – Мерей Нуриденович Иманбаев, шұғыл медицина кафедрасының…

«СМУ» КеАҚ кәсіподақ ұйымының есеп беру жиналысы өтеді

08.02.2023 ж. сағат 15:00-де бас ғимараттың акт залында «СМУ» КеАҚ кәсіподақ ұйымының есеп беру жиналысы өтеді. Күн тәртібінде: «СМУ» КеАҚ кәсіподақ ұйымының есебі. «СМУ» КеАҚ кәсіподақ ұйымын қайта құру мәселесін талқылау. «СМУ» КеАҚ келісу комиссиясының құрамын бекіту. «СМУ» КеАҚ кәсіподақ ұйымының барлық мүшелері шақырылады.

Студенттер үйінде «ХХI ғасыр жастарының ақпараттық мәдениеті» тақырыбында шеберлік-класс, викторина өткізілді

2023 жылғы 4 ақпан күні №2 студенттер үйінде жалпы білім беретін пәндер кафедрасы «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» пәні оқытушыларының ұйымдастыруымен “ХХI    ғасыр жастарының ақпараттық мәдениеті” тақырыбында шеберлік-класс, викторина өткізілді. Ақпараттық мәдениет – бұл әңгімелесе білу, теледидар, хабарды талғамды түрде қарау, алған мәліметті ой елегінен өткізіп, талдай білу. Қазіргі заман талабына сай адамдардың мәлімет алмасуына, қарым-қатынасына ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың…

«Алтын скальпель» номинациясы

2023 жылдың 3 ақпанында «Семей медицина университеті» КеАҚ-да салтанатты жағдайда университетіміздің дамуына елеулі үлес қосқан және хирургия саласында қызмет еткен дәрігерлерге берілетін «Алтын скальпель» номинациясының арнайы марапаты табыс етілді. Ғылыми кеңестің 2023 жылғы 31 қаңтардағы №6 шешімімен «Алтын скальпель» сыйлығы кафедра меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы, профессор Аймағамбетов Мейірбек Жақсыбекұлына және емхана дәрігері, кең ауқымды білікті,…