Семей медицина университетінде қазақ, ағылшын, орыс тілдерін меңгерген студенттер арасында республикалық «Тілдарын» пәндік олимпиадасы өтеді

Семей медицина университеті білім алушыларды 2023 жылдың 18 ақпанында қазақ, ағылшын, орыс тілдерін меңгерген студенттер арасында өтетін республикалық «Тілдарын» пәндік олимпиадасына қатысуға шақырады. Олимпиада аралас форматта (офлайн, онлайн) өтеді. Олимпиадаға ЖОО-ның 1-2 курс студенттері қатысады. Филология және аударма ісі мамандығында оқитын студенттер қатыса алмайды. Әр кезеңнің тапсырмалары үш тілде: қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде орындалады.…

«№5 Шәкәрім атындағы көпбейінді мектеп-гимназияның» және Аягөз ауданының «№1 Ақшаулі ЖОББМ КММ»-нің жоғары сынып оқушыларына экскурсия өткізілді

2023 жылдың 31 қаңтарында түлектерді жұмыспен қамту және Medical Foundation бөлімі «№5 Шәкәрім атындағы көпбейінді мектеп-гимназияның» және Аягөз ауданының «№1 Ақшаулі ЖОББМ КММ»-нің жоғары сынып оқушыларына «Семей медицина университеті» КеАҚ-да экскурсия өткізді. Оқушылар университет қабырғасын аралап, оның өмірін өз көздерімен көрді. Олар Әлем мұражайын, симуляциялық технологиялар кафедрасын, анатомиялық мұражайды аралады. Болашақ талапкерлер «Семей медицина университетіне»…

ЖТД 622 тобының интерндері және резидент-инфекционистердің “Тұмау, ЖРВИ және COVID-19 кезінде медициналық көмек көрсету” семинарына қатысуы

ЖРВИ, тұмау, Covid-19 таралуының алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды күшейту мақсатында “СМУ” КеАҚ 30.01.2023 ж. гибридті режимде “Тұмау, ЖРВИ және COVID-19 кезінде медициналық көмек көрсету”семинары өткізілді. Семинардың тыңдаушылары Абай облысының медицина қызметкерлері болды. Семинар жұмысына Семей, Павлодар және Өскемен қалаларының резидент-инфекционистері, сондай-ақ ЖТД 622 тобының интерндері белсенді қатысты. Семинар барысында ЖРВИ, тұмау және…