Алғыс айту – парызым

Алғыс айту – парызым

Ақпанның 27 күні жалпы білім беру пәндері кафедрасының ұйымдастыруымен Алғыс айту күніне орай Абай облысы Достық үйінің өкілдері мен Семей медицина университетінің шетел студенттерінің қатыстырылуымен мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Шараны өткізудегі басты мақсат қазақстандық патриотизмді, толеранттылықты және өз Отанына деген мақтаныш сезімін тәрбиелеу, Қазақстанда тұратын түрлі ұлттардың тарихы мен мәдени мұрасын таныстыру, студенттердің ой-өрісін кеңейту.
Атаулы шараға Семей медицина университетінің Басқарма төрағасының академиялық және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Смаилова Жанаргүл Қайырғалиқызы, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, «Қазақ тілі» халықаралық қоғамы филиалының вице-президенті, қоғамдық медиатор Орал Шәріпбаев, орыс әлеуметтік-мәдени орталығы басшысының орынбасары Галина Кириченко, «Вайнах» шешен-ингуш мәдени орталығының төрағасы Сұлтан Картоев, «Айша Бибі» қалалық қазақ мәдени орталығының жетекшісі Айман Ибраевна Боқпасарова, «Айша Бибі» халықтық фольклорлық ансамблі келіп қатысып, атаулы күнді ұлықтап оның маңызы мен мағынасын тереңінен түсіндіріп өтті.
1 Наурыз Қазақстанның көпұлтты халқының ортақ тарихын құрметтеу күні, қайырымдылық дәстүрлерін, ынтымақтастықты және өзара көмек көрсетуді қолдау күні. Мейірімділік пен ақ көңілдік, қонақжайлылық, қолда бармен бөлісу, көмек көрсету сынды рухани дәстүрлер күні. Осы күнді пайдаланып Семей медицина университетінде білім алушы өзге ұлт өкілдерінің қатары да Қазақстан халқына, білім ордасы қызметкерлері мен оқытушыларға, қатарластарына өз алғыстарын айтып, жылы лебіздерін білдірді.
Бүгінгі шарамызға қатысып, белсенділік танытқан облыстық Достық үйі өкілдері мен білім алушылар қатарына алғыс білдіре отырып, оларға шығармашылық табыс, қажымас қайрат, зор денсаулық тілей келе әр күндеріңіз қуанышқа толы болсын демекпіз!

[vc_row dt_title=”” mode=”grid” responsiveness=”browser_width_based” bwb_columns=”desktop:3|h_tablet:2|v_tablet:2|phone:1″ pwb_column_min_width=”” pwb_columns=”” gap_between_posts=”5px” loading_effect=”fade_in” image_sizing=”resize” resized_image_dimensions=”3×2″ image_border_radius=”0px” image_decoration=”none” shadow_h_length=”0px” shadow_v_length=”4px” shadow_blur_radius=”12px” shadow_spread=”3px” shadow_color=”rgba(0,0,0,0.25)” image_scale_animation_on_hover=”slow_scale” image_hover_bg_color=”default” custom_rollover_bg_color=”rgba(0,0,0,0.5)” custom_rollover_bg_gradient=”45deg|rgba(12,239,154,0.8) 0%|rgba(0,108,220,0.8) 50%|rgba(184,38,220,0.8) 100%” hover_animation=”fade” show_zoom=”y” gallery_image_zoom_icon=”icomoon-the7-font-the7-zoom-06″ project_icon_size=”32px” project_icon_color=”#ffffff” project_icon_bg_size=”44px” project_icon_bg=”n” project_icon_bg_color=”rgba(255,255,255,0.3)” project_icon_border_radius=”100px” project_icon_border_width=”0px” project_icon_border_color=”” loading_mode=”disabled” jsp_posts_per_page=”” jsp_show_all_pages=”n” jsp_gap_before_pagination=”” jsm_posts_per_page=”” jsm_gap_before_pagination=”” jsl_posts_per_page=”” navigation_font_color=”” navigation_accent_color=”” include=”” dt_project_icon_title=”” css_dt_gallery=””][vc_column]

[/vc_column][/vc_row]

Жарияланды: