Қайырлы күн, құрметті әріптестер!
Жоғары оқу орындары мен колледж оқытушыларын ақылы негізде «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» циклі бойынша біліктілігін арттыру курсына шақырамыз.
Курсты п.ғ.к., жалпы білім беретін пәндер кафедрасының доцент м. а. Мұсатаева Июнгүл Сұлжанқызы жүргізеді.
Курс бағдарламасында:
- MS Word-та құжаттарды, кестелік мәліметтерді және графикалық объектілерді құру, пішімдеу және өңдеу.
- MS Excel бағдарламасында кестелік деректерді өңдеу, статистикалық функцияларды қолдану, деректерді сүзу және диаграммаларды құру.
- Canva үлгілері негізінде креативті презентацияларды, динамикалық Prezi презентацияларды және интерактивті PowerPoint презентацияларды жасау.
- Кері байланыс ұйымдастыру үшін онлайн ресурстарды құру және пайдалану (padlet.com электронды тақталары, polleverywhere онлайн сауалнамасы, Kahoot ойын платформасы).
- Adobe Captivate бағдарламалық жасақтама ортасында Scorm пакеттерін және iSpring Suite бағдарламасында оқыту курстарын жасау.
- Google қызметтерін қолдану (Google Диск, Google forms, Google table).
- және т.б.
Курстың соңында 60 сағат көлемінде сертификаты беріледі.
Барлық сұрақтар бойынша WhatsApp 8 777 983 94 94, Симуляция және білім беру технологиялары бөлімінің әдіскері Аббасова Зульфияға хабарласып, өтініштер жіберуге болады.