2023 жылы 28 ақпанда Басқарма төрағасының клиника және дипломнан кейінгі білім беру жөніндегі орынбасары Д. Беріқұлының төрағалығымен Клиникалық комитеттің 2023 жылдағы бірінші отырысы өтті, оған Семей қаласының медициналық ұйымдарының бас дәрігерлері мен бас дәрігерлердің орынбасарлары, сәулелі диагностика мен функционалдық диагностика бөлімдерінің меңгерушілері және радиология кафедрасының қызметкерлері қатысты.
Отырыста рентгенолог дәрігердің емдік жүктемесін стандарттау мәселелері бойынша ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қолданыстағы бұйрықтары және негізгі проблемалары мен оларды шешу жолдары талқыланды.
Радиология кафедрасының меңгерушісі м.ғ.д. асс. профессор Мадиева М. Р. «Өңірлерді медицина қызметкерлерімен қамтамасыз ету нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 07 сәуірдегі № 238 бұйрығының күшінің жойылуы және рентгенологтың, сонолог пен рентгенология бөлімшесінің лаборантының емдік жүктемесінің нормасын есептеу жөнінде жаңа бұйрықты құру туралы» тақырыбы бойынша баяндама жасады. Сондай-ақ радиациялық қауіпсіздік стандарттарының негізгі қағидаттарына тоқталып, радиологиялық диагностикалық қызмет көрсететін медициналық мекемелерде дәрігер-физик қызметін қамтамасыз ету мен рентгенологтың кәсіби стандартын әзірлеуді ұсынды.
Радиологиялық қызмет қазіргі заманғы медицина ғылымы мен техникасының жетістіктеріне негізделген радиациялық зерттеу әдістерін қолдана отырып, халыққа ауруларды диагностикалау бойынша мамандандырылған көмек көрсетеді және әр түрлі профильдегі мамандарға радиациялық диагностика бойынша білікті кеңестер береді.
Отырыстың қорытындысы бойынша Клиникалық комитетте талқыланған мәселе аясында Қазақ радиологиялық қоғамына емдік жүктемені нормалау бойынша ұсыныстар беріледі және Абай облысының радиологтарымен талқыланады.[/vc_column_text]
[/vc_column][/vc_row]