2023 жылдың 28 ақпанында жалпы білім беретін пәндер кафедрасының оқытушылары университеттің барлық мамандықтарының 1 және 2 курс студенттері арасында Семей медицина университетінің 70 жылдығына арналған «Менің университетім әлемдегі ең үздік университет!» атты бейнероликтер байқауын өткізді.
Байқаудың мақсаты білім алушылардың студенттік өмірге деген қызығушылығын, медициналық ЖОО студенттері арасындағы ұйымшылдықты қалыптастыру, студент жастар арасында корпоративтік рухты қалыптастыру, болашақ дәрігерлердің цифрлық дағдыларының деңгейін арттыру болып табылады.
Байқаудың міндеттері – Семей медицина университетінің тарихы мен дәстүрлеріне патриоттық қатынасты тәрбиелеу, мәлімделген тақырып бойынша үздік бейнероликтерді анықтау.
Бейнероликтерді 100 балдық жүйе бойынша құзыретті қазылар алқасы бағалады, оның құрамына ЖББП кафедрасының меңгерушісі Г.Т. Уранхаева, ҚДСФСД мектебінің деканы Ы.О. Қайрханова, сандық технологиялар бөлімінің бас маманы Н.Б. Тлебалдин, ЖББП кафедрасының оқытушысы Ә.Д. Ғалымова кірді.
Қазылар алқасының шешімімен 1-ші орынды 2325 (“педиатрия” мамандығы), 2108 (“Жалпы медицина” мамандығы) топ студенттері Тамызғазина Зере, Абитай Аружан, Мукашева Алина, 2-ші орынды: 1307 (“стоматология” мамандығы) және 1304 (“стоматология” мамандығы) топтары, 3-орынды: 1314 фармация топ студенті Қанағатова Мөлдір, 1312 (“стоматология” мамандығы) топ студенттері Советкан Іңкәр, Күздай Айкерим, 1306 (“стоматология” мамандығы) топ студенті Бейсембаева Мөлдір иеленді.
Кәсіподақ комитетінің атынан үздік бейнероликтері үшін жүлдегерлер естелік сыйлықтармен марапатталды. Жеңімпаздарға дипломдар, барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды. Жеңімпаздарды құттықтаймыз және байқауға белсенді қатысқаны үшін барлық бейнеролик авторларына алғыс айтамыз![vc_row dt_title=”” mode=”grid” responsiveness=”browser_width_based” bwb_columns=”desktop:3|h_tablet:2|v_tablet:2|phone:1″ pwb_column_min_width=”” pwb_columns=”” gap_between_posts=”5px” loading_effect=”fade_in” image_sizing=”resize” resized_image_dimensions=”3×2″ image_border_radius=”0px” image_decoration=”none” shadow_h_length=”0px” shadow_v_length=”4px” shadow_blur_radius=”12px” shadow_spread=”3px” shadow_color=”rgba(0,0,0,0.25)” image_scale_animation_on_hover=”slow_scale” image_hover_bg_color=”default” custom_rollover_bg_color=”rgba(0,0,0,0.5)” custom_rollover_bg_gradient=”45deg|rgba(12,239,154,0.8) 0%|rgba(0,108,220,0.8) 50%|rgba(184,38,220,0.8) 100%” hover_animation=”fade” show_zoom=”y” gallery_image_zoom_icon=”icomoon-the7-font-the7-zoom-06″ project_icon_size=”32px” project_icon_color=”#ffffff” project_icon_bg_size=”44px” project_icon_bg=”n” project_icon_bg_color=”rgba(255,255,255,0.3)” project_icon_border_radius=”100px” project_icon_border_width=”0px” project_icon_border_color=”” loading_mode=”disabled” jsp_posts_per_page=”” jsp_show_all_pages=”n” jsp_gap_before_pagination=”” jsm_posts_per_page=”” jsm_gap_before_pagination=”” jsl_posts_per_page=”” navigation_font_color=”” navigation_accent_color=”” include=”” dt_project_icon_title=”” css_dt_gallery=””][vc_column]
[/vc_column][/vc_row]