«Психоактивті заттарға тәуелділіктің профилактикасы, лудомания»

«Психоактивті заттарға тәуелділіктің профилактикасы, лудомания»

24.02-28.02.2023 жыл аралығында психиатрия және наркология кафедрасы «Психоактивті заттарға тәуелділіктің, ойынға тәуелділіктің алдын алу» тақырыбында лекциялар топтамасын өткізді. Қатысушылар: ЖМ 1, 2, 3, 4, 5 курс және педиатрияның 1, 2 курс студенттері. Ұйымдастырушылар: психиатрия және наркология кафедрасының меңгерушісі PhD доктор Молдағалиев Т. М., кафедра ассистенттері Жаныбеков С. Д., Брыжахина Ж. Д., Алмагамбетова А. А., Сексенбаев Н. Ж.

Психиатрия және наркология кафедрасының меңгерушісі, PhD доктор Молдағалиев Т. М., кафедра ассистенттері Жаныбеков С. Д., Брыжахина Ж. Д., Алмағамбетова А. А. Сексенбаев Н. Ж. Семей медицина университетінің студенттеріне арналған құттықтау сөзімен қоса олар өз сөзінде іс-шараның негізгі мақсаты студенттердің психоактивті заттарға тәуелділік, ойынға тәуелділіктің алдын алу туралы түсініктерін қалыптастыру екенін атап өтті.

Тәуелділік ұғымы, тән жалпы нейрофизиологиялық механизмдер, психоактивті заттарға тәуелділіктің, ойынға тәуелділіктің қалыптасуының психологиялық, социологиялық теориялары жөнінде презентация ұсынылды.

5108 ЖМ тобының белсенді қатысуымен психотерапевтік тренингтер өткізілді. Студенттер пікірталасқа белсенді қатысып, еркін пікірталас жүргізіп, сұрақтар қойды.[/vc_column_text][vc_single_image image=”137675″ img_size=”large” alignment=”center” onclick=”link_image” lazy_loading=”true”][/vc_column][/vc_row]

Рубрикалар: Семинарлар