2023 жылдың 24, 27, 28 ақпанында Медицина мектебінде «Жалпы медицина», «Педиатрия» білім беру бағдарламаларының 1-5 курс студенттерімен кездесу өтті. Мектеп деканы Узбекова С. Е. студенттерді жастарды әлеуметтендіруге арналған форум материалдарымен таныстырып, қазіргі жастар арасында орын алып отырған мәселелерге тоқталды. Студенттер арасында туындауы мүмкін психологиялық проблемалар, олардың құмар ойындарға тартылуының, деструктивті үрдістердің алдын алу, сонымен қатар нашақорлық пен есірткінің таралуының алдын алу бойынша сұрақтар қойылды.[/vc_column_text]
[/vc_column][/vc_row]