«1 Наурыз – Алғыс айту күні» тақырыбында сынып сағаты

«1 Наурыз – Алғыс айту күні» тақырыбында сынып сағаты

Алғыс айту күнін 2015 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІІ сессиясында белгілеу ұсынылды. Содан бері бұл мереке жыл сайын көктемнің алғашқы күні тойланады. Бұл күні жақсылық жасап, халыққа көмек қолын созған жандарға рахмет айтып, алғыс білдіру, сондай-ақ отбасына, туған-туыстарына, дос-жарандарына, әріптестеріне, көршілеріне қамқор болуға шақыру әдетке айналған. 2023 жылдың 1 наурызында тақырып бойынша сынып сағаты өтті. «1 Наурыз – Алғыс айту күні» шарасында ЖТД 620 тобының интерндері бұл мерекенің шығу тарихы мен осы күні өткізілетін салт-дәстүрлер туралы айтты. Сынып сағатының қонақтары біліктілігі жоғары санатты дәрігер, стоматолог Абдина А. К. және біліктілігі жоғары санатты невропатолог Нурланова Р.Р. Болашақ дәрігерлер Абдина А. К. және Нурланова Р. Р.-ның клиникалық тәлімгерлігі үшін үлкен алғыстарын білдірді. Өз кезегінде кәсіби тәжірибешілер де қоштасу сөзінде интерндерге білімге деген құштарлықтары үшін алғыстарын білдіріп, өз ісінің маманы болуға, таңдаған дәрігер мамандығына әрқашан адал болуға тілек білдірді.

 

Шаймарданов Н. К., Смаил Е. М.

[/vc_column_text][vc_single_image image=”137942″ img_size=”large” alignment=”center” onclick=”link_image” lazy_loading=”true”][/vc_column][/vc_row]

Жарияланды:
Рубрикалар: Оқушылар