2023 жылдың 1 наурызында Абай ауданының орталық жедел және шұғыл жәрдем станциясының медицина қызметкерлеріне қызылшаның алдын алу бойынша семинар өтті. Дүние жүзіндегі қызылшаның эпидемиологиялық жағдайы туралы «СМУ» КеАҚ ЖТД 620 тобының интерндері баяндады. Инфекционисттер дәрісте қызылшаның ауа-тамшылы арқылы берілу механизмі бар вирус текті өте жұқпалы ауыр ауру екенін және бұл инфекцияның жүз жұқпалылық индексі 100%-ға жақындайтынын атап өтті. Қызылша клиникасы мен оның асқынулары жан-жақты қарастырылып, қызылшамен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету алгоритмі бөлек көрсетілді. Спикерлер уақытылы және толық вакцинациялау қызылшаға және басқа да вакцинамен басқарылатын инфекцияларға жеке және популяционды иммунитетін қамтамасыз етудің кілті болып табылатынын атап өтті.
Шаймарданов Н. К., Смаил Е. М.
[/vc_column_text]
[/vc_column][/vc_row]