2023 жылдың 23 ақпаны мен 24 ақпаны аралығында «SANA International Education Center» ЖШС Шымкент қаласында «Bilimdi El – 2023» IV халықаралық білім көрмесін ұйымдастырды. Көрмеде Қазақстан Республикасынан 18-ден астам жоғары оқу орындары мен оқу орталықтары өздерінің білім беру қызметтерін көрсетті. Көрмені қаладағы және оған жақын аудандардағы мектептердің 9 мыңнан астам түлектері, ата-аналар, қаладағы колледж, жоғары оқу орындарының студенттері, қызығушылық танытқандар тамашалады.
«Семей медицина университеті» КеАҚ көрмеге қатысуы жоғары медициналық білім саласындағы жетістіктерін көрсетуге, оның білім беру қызметтері мен бағдарламаларын ұсынуға, оқуға қабылдау, оқыту,оқу ақысын төлеу шарттарымен танысуға мүмкіндік берді. Түркістан облысының Сайрам, Төлеби, Қазығұрст, Түлкібас, Бәйдібек аудандарынан мамандық таңдау және оқу орны бойынша білікті кеңестер, түсушілер мен жалпы студенттер санын арттыру мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Университет атынан «Түлектерді жұмысқа орналастыру және Medical foundation» бөлімінің басшысы Төлеубаева К.С. және PhD доктор, ЖББП кафедрасының доценті Ш.Б.Кадирсизова қатсты. Көрменің екі күнінде университет өкілдері талапкерлер мен олардың ата-аналарына Семей қаласының медициналық университетіне түсу туралы ақпарат берді, қолайлы оқу бағдарламалары және оқу ақысы жайлы мағұлматтар берді.
Бүгінгі таңда мұндай кәсіптік бағдар беру іс-шаралары, мысалы, білім көрмелері, рекордтық санда үміткерлерді тартады және оларға болашақ мамандығын таңдауға көмектеседі. Ал университет білім беру нарығындағы жағдайды білуге, өзін табысты оқу орны ретінде көрсетуге және Қазақстанның білім беру нарығындағы позициясын нығайғандығын көрсете алады.[/vc_column_text]
[/vc_column][/vc_row]


