1 наурыз – алғыс айту күні

1 наурыз – алғыс айту күні

01.03.2023 жылы “Семей қаласының № 1 емханасы” ШЖҚ КМК психиатрия және наркология кафедрасы “1 наурыз – Алғыс айту күні” тақырыбында кураторлық сағат өткізді. Қатысушылар: мамандандырылған көмек бөлімшесінің, профилактика және әлеуметтік психологиялық көмек бөлімшесінің медицина қызметкерлері. Ұйымдастырушылар: куратор Алмагамбетова А. А., 5108 ЖМ студенттері. Іс-шараның басты мақсаты – студенттердің бойында көп ұлтты ел халықтары арасында мейірімділік, құрмет, ризашылық, достық, келісім білдіру және қазақстандық патриотизмді нығайту.

Медицина қызметкерлеріне құттықтау сөз сөйледі: Алмагамбетова А. А., 5108 топтың студенті Жастілек Сапарбай. Олар өз сөздерінде бұл ел тұрғындары бір-біріне жомарттық пен қонақжайлылық үшін алғыс білдіретін күн екенін атап өтті. Бұзылмайтын құндылықтар-өзара қолдау және болашақ үшін жауапкершілік. Ең бастысы-ризашылық білдіру! Алғыс айта білу!

5108 ЖМ тобының студенттерінің белсенді қатысуымен психотерапиялық тренингтер өткізілді. “Семей қаласының № 1 емханасы” медицина қызметкерлері студенттерге зейінді көзқарастары үшін алғыс білдірді. “Бейбітшілік бар жерде өмір бар”.[/vc_column_text]

[/vc_column][/vc_row]

Жарияланды:
Рубрикалар: Мерекелер, Оқушылар