1 наурызда Қазақстанда Алғыс айту күні тойланады. Алғыс айту күні республиканың барлық азаматтары үшін маңызды оқиғаға – 1995 жылы 1 наурызда Қазақстан халықтары Ассамблеясының құрылуына орайластырылған. Ассамблеяның мақсаты – күн сайын адамның үнін, кез келген ұлт өкілінің үнін есту. Көпұлтты Қазақстандағы бейбітшілік пен келісім қазақстандықтардың жоғары мәдениеті мен даналығының, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласындағы салиқалы да көреген саясатының жемісі.
Алғыс айту күні мерекесінің мақсаты – ортақ тарихқа негізделген көпұлтты Қазақстанның бірлігін сақтау және дамыту, қазақтар мен барлық этностардың бір-біріне және қазақтарға қолдау көрсетуінің арқасында басынан өткерген заманауи қиындықтарды еске түсіру. Еліміз тек қазақтар үшін ғана емес, осында тұратын жүзден астам этнос өкілдері үшін де қымбат, аяулы елге айналды. Бұл күн қиын-қыстау жылдарда өздеріне қолдау көрсеткен қазақтарға алғыс айту үшін пайда болды. Сонымен бірге, Алғыс айту күні де қазақ халқының жерлестеріне – түрлі ұлт өкілдеріне деген құрметі, алғысы. Көп ұлтты Қазақстан халқының бірлігі мен ынтымағы, жанқиярлық еңбегі мен туған жерге деген шексіз сүйіспеншілігінің арқасында ғана біз тәуелсіздікке қол жеткіздік, елді әлемдік деңгейге көтердік.
Ал біздің университет бұл күнді тойлаудан шет қалмады. «СМУ» КеАҚ Семей қ. жалпы дәрігерлік тәжірибе кафедрасы, кафедра меңгерушісі, профессор Дюсупова А. А., кафедра ассистенті Терехова Т. И. жетекшілігімен кураторлық топ 702 ЖТД-интернмен бірлесіп, «Алғыс айту күні» тақырыбына кураторлық сағатты ұйымдастырып, өткізді. Мұнда кафедра оқытушылары мен кафедрада цикл өтіп жатқан 7 курс дәрігер-интерндер қатысты.[/vc_column_text]
[/vc_column][/vc_row]


