2023 жылдың 4 наурызында “Стоматологиялық пәндер және жақ бет хирургия кафедрасының” 504 стоматология тобы куратор Г. Л. Касеновамен бірге “Дариға-ай” жастар театрындағы “Қозы Көрпеш – Баян сұлу” спектаклін тамашалады.
Театр актерлерінің тамаша ойыны ешкімді бей-жай қалдырмады. Топ студенттері спектакльден алған әсерлерімен өзара бөлісті. Керемет кештен кейін студенттер мен куратор бейресми және мейірімді атмосферада әңгімелесіп, бір-бірін жақынырақ тани алды.[/vc_column_text]
[/vc_column][/vc_row]


