Невзоровтар отбасы атындағы өнер мұражайына саяхат

Невзоровтар отбасы атындағы өнер мұражайына саяхат

2023 жылдың 2 наурыз күні əскери кафедраның 3316 взвод студенттері әскери кафедра басшысы медицина қызметінің полковнигі Орынбасаров Шынғыс Оразмухаметовичтің, оқытушы медицина қызметінің подполковнигі Смаилов Нұрбек Саденовичтің ұйымдастыруымен Невзоровтар отбасы атындағы өнер мұражайына танымдық саяхат жасап қайтты.

Іс-шара мақсаты жастардың ой-өрістерін, танымдық көзқарастарын дамытуға үлес қосу болды.

Курсанттардың экскурсиядан алған әсерлері өте ерекше. Әрбір туынды үлкен мағына мен астарға толып,бір-біріне ұқсамайтындығымен ерекшеленген. Туындыларда 18-19-шы ғасыр қоғамын, сол тұста орын алған оқиғалар, Батыс өркениеті, Ресей қоғамы мен дәстүрлі Қазақ қоғамы өте үлкен шеберлікпен бейнеленген екен. Әрбір туындыда суретшілердің өз қолтаңбасы бейнеленіп, кейіпкерлерді, табиғат сырын ашуға тырысқан талпынысын айқын көруге болады. Қиял мен сана ұштастығын көре отырып, студенттер картиналардан суретшінің жеткізгісі келген ойын барынша түсінуге, сонымен қатар санасына сіңіруге тырысты. Туындылардағы табиғат құбылыстары, әрбір детальдары ескеріле отырып өте шынайы, барынша сұлу, көркем бейнеленген.

Мұражайға саяхат жас ұрпақтың ішкі рухани дүниесін байытуға үлкен әсерін тигізді.

 

Әдіскер А. Жумагелдина

[/vc_column_text][vc_single_image image=”138118″ img_size=”large” alignment=”center” onclick=”link_image” lazy_loading=”true”][/vc_column][/vc_row]

Жарияланды:
Рубрикалар: Қоғамдық өмір