2023 жылдың 28 ақпанында СМУ балалар жұқпалы аурулары кафедрасының меңгерушісі, Абай облысының штаттан тыс бас балалар инфекционисті, м.ғ.к. (PhD) Эфендиев И. М. басшылығымен Абай облысының Денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен Абай облысының Денсаулық сақтау мекемелерінің медицина қызметкерлеріне балалардағы «А» вирустық гепатиті және балалардағы қызылша” тақырыбында оқыту семинары ұйымдастырылды. Семинар аралас форматта (офлайн және “Zoom”платформасында) өтті.
Семинар басында Абай облысының ДСБ бас маманы М. Б. Дайрабаева сөз сөйледі. Семинар модераторы И. М. Эфендиев кіріспе сөз сөйлеп, қатысушылардың назарын балалардағы “А” вирустық гепатиті мен қызылша мәселелерінің өзектілігіне аударды.
2022 жылдың аяғында – 2023 жылдың басында Қазақстан Республикасының әртүрлі өңірлерінде “А” вирустық гепатитімен сырқаттанушылықтың өсуі байқалады. Семей қ. “А” вирустық гепатитімен сырқаттанушылық бойынша Семей мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау мекемесінің эпидемиологиялық бақылау және қадағалау бөлімінің басшысы Д. Б. Тілекина баяндады. Бұдан әрі балалардағы “А” вирустық гепатитінің этиологиясы, эпидемиологиясы, клиникасы, диагностикасы және емі” атты презентациямен балалар жұқпалы аурулары кафедрасының ассистенті, м.ғ.к. Мансурова А. А. баяндама жасады. “А вирустық гепатитінің алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар” баяндамасымен Д. Б. Тілекина семинарды жалғастырды.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 2022 жылы әлемде қызылшаның 155 мыңнан астам жағдайын тіркеді. Бүгінгі таңда ауру таяу шет елдерде – Украина, Қырғызстан, Ресейде байқалады. Республиканың эпидемиологтары көші-қон факторларын ескере отырып, қазақстандықтарды осы вирустық инфекцияның қауіптілігі туралы ескертті. (https://www.inform.kz/ru/almatincev-predupredili-ob-opasnosti-zarazheniya-kor-yu_a4038427).
“Балалардағы қызылшаның этиологиясы, эпидемиологиясы, клиникасы, диагностикасы және емі” тақырыбында балалар жұқпалы аурулары кафедрасының ассистенті Е. С. Смаилов баяндама жасады. Әрі қарай Семей қаласының Мемлекеттік мекемесінің эпидемиологиялық бақылау және қадағалау бөлімінің жетекші маманы Л. С. Кәрімова қызылшаның алдын алу бойынша санитарлық-эпидемияға қарсы, санитарлық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар туралы айтты. Семей қаласы бойынша ШҚО Ұлттық эпидемиология орталығы облыстық филиалының вирусологиялық зертханасының меңгерушісі А. О. Бектасова “сынамаларды іріктеу, тасымалдау және сақтаудың зертханалық диагностикасы” баяндамасымен сөз сөйледі.
Семинардың қорытындысын Эфендиев И. М. тыңдаушылардың сұрақтарына жауап берді. Семинар соңында ұйымдастырушылар қатысушылардан кері байланыс алды. Семинарға барлығы 146 тыңдаушы қатысты.
Балалар жұқпалы аурулары кафедрасы
[/vc_column_text]
[/vc_column][/vc_row]






