«МЕДСЕРВИС ПЛЮС» Қазақ фармацевтикалық компаниясы» ЖШС мен «Семей медицина университеті» КеАҚ арасында ынтымақтастық туралы меморандум қабылданды

«МЕДСЕРВИС ПЛЮС» Қазақ фармацевтикалық компаниясы» ЖШС мен «Семей медицина университеті» КеАҚ арасында ынтымақтастық туралы меморандум қабылданды

2023 жылдың 3 наурыз күні «МЕДСЕРВИС ПЛЮС» Қазақ фармацевтикалық компаниясы» ЖШС мен «Семей медицина университеті» КеАҚ арасында ынтымақтастық туралы меморандум қабылданды. Меморандумға қол коюға Басқарма Төрағасы – Ректордың міндетін атқарушы Смаилова Жанаргуль Кайыргалиевна, келесі тарапта, персоналды басқару департаментінің директоры, «КФК «Медсервис Плюс» ЖШС басқарма мүшесі Турукпенова Сауле Жолмухановна қатысты.

Ынтымақтастықтың басты мақсаттары:

  • «СМУ» КеАҚ студенттеріне фармация және медициналық менеджмент саласында кәсіби білім мен тәжірибелік дағдыларды меңгеруіне жағдай жасауға жәрдемдесу;
  • «СМУ» КеАҚ-на Компанияда оқу немесе өндірістік тәжірибе жүргізуге және ұйымдастыруға әдістемелік көмек көрсету;
  • «СМУ» КеАҚ-на Компанияға түлектерді тартуға бағытталған информациялық және кәсіптік бағдар беруге көмек;
  • «СМУ» КеАҚ студенттерін фармациялық нарық қызметімен және фармацевтикалық өнеркәсіп орынының ұйымдық құрылымымен таныстыру.

[/vc_column_text]

[/vc_column][/vc_row]

Жарияланды: