2023 жылдың 23 ақпанында «Семей медицина университеті» ҚеАҚ «Қоғамдық денсаулық сақтау» білім беру бағдарламасының 4 курс 401 топ түлектерін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министірлігі көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің Семей бөлімшелік басқармасында өткен «Ашық есік күніне» шақыртылды.
«Ашық есік күнінде» «Қоғамдық денсаулық сақтау» білім беру бағдарламасының 4 курс 401 топ түлектеріне бүгінгі таңда бейімдік бағыттар бойынша Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің Семей бөлімшелік басқармасы бос жұмыс орындары бар екенін, университеттің бітіруші түлектерін жұмыспен қамтамасыз ете алатыны туралы хабардар етті.
Ашық есік күнін басқарма басшысы Ғ. Е. Абешев ашты, өз сөзінде басқарма басшысы санитарлық қызметтің негізгі қызметін, басымдықтарын, мақсаттары мен міндеттерін толық айтты.
Бұл кездесу студенттердің өз мамандықтарына деген қызушылығын арттырды.[/vc_column_text]
[/vc_column][/vc_row]




