2023 жылдың 7 наурызында «Семей медицина университеті» КеАҚ консультативтік емханасында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған сынып сағаты өтті. Бұл шараны ұйымдастырушылар жұқпалы аурулар, тері-венерология және иммунология кафедрасының қызметкерлері Шаймарданов Н.Қ., Смаил Е.М. және ЖДТ 619 тобының интерндері. Сынып сағатына клиникалық тәлімгерлер – біліктілігі жоғары санатты дәрігерлер, дәрігер-стоматолог Абдина А.А., консультациялық емхана меңгерушісі Нурланова Р.Р., физиотерапия бөлімінің меңгерушісі Адишева М.С., «Семей медицина университеті» КеАҚ консультативтік емханасының медбикелері шақырылды. Сынып сағатында интерндер 8 наурыз халықаралық әйелдер күнінің шығу тарихы туралы айтып берді. Бұл күн әйелдердің өз құқықтары үшін күресіне байланысты құрылған. 1908 жылы 8 наурызда Нью-Йоркте әйелдердің бірінші митингі өтті, онда әйелдер теңдікті талап етті. Клара Цеткиннің ұсынысымен 1919 жылдан бастап мереке халықаралық деңгейде аталып өтіледі. 619-топ интерндері 8 наурыз туралы ән шырқады, С.Есениннің «Я спросил сегодня у менялы…» өлеңін оқыды, сынып сағатының шақырылған қонақтарына сыйлықтар табыс етті. Мерекелік іс-шараның соңында клиникалық тәлімгерлер жиналғандарды көктем мерекесімен құттықтап, болашақ дәрігерлерге жақсы оқып, дәрігердің тәжірибелік дағдыларын меңгеріп, таңдаған мамандығы – медицина саласына лайықты қызмет етулеріне тілектестік білдірді.
Шаймарданов Н.Қ., Смаил Е.М.
[/vc_column_text]