2023 жылының 09 наурызында Халықаралық бүйрек күніне орайластырылған «Нефрология» оқу бағдарламасының резиденттерімен journal club кезекті отырысы өткізілді.
Резиденттер Абай облысы бойынша 2022 жылдың нефрологиялық қызметінің жылдық есебінің қорытындыларын ұсынды. Нефрология бөлімінің меңгерушісі В.Д. Оролтаева бастамасымен білім алушылар осы есепті құрастыруға белсенді қатысты.
Сонымен қатар созылмалы бүйрек ауруы бар науқастарды жүргізудің жаңа тенденциялары ұсынылып, Қазақстан Республикасының 2022 жылының қараша айында жаңартылған нефрологиялық қызметінің стандарты талқыланды.
Кездесу соңында резиденттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының аралық нәтижелері талқыланды.
Ішкі аурулар және ревматология кафедрасы[/vc_column_text]
[/vc_column][/vc_row]



