2023 жылдың 2 наурызында госпитальдық хирургия, анестезиология және реанимация кафедрасында жалпы медицина факультетінің 4 курс студенттері арасында олимпиада өтті.
Олимпиаданың мақсаты – студенттердің пәнге деген қызығушылығын арттыру, университет студенттері арасында ұйымшылдықты қалыптастыру, болашақ дәрігерлердің клиникалық ойлау қабілеттерін жетілдіру.
Байқау бірнеше кезеңнен тұрды:
1 кезең – «Қан тобын анықтау»;
2 кезең – «Анализдарды интерпретациялау»;
3 кезең – «Рентгендік бейнелерді интерпретациялау»;
4 кезең – «Хирургиялық түйіндерді байлау»;
5-кезең – «Тест тапсырмалары».
Барлық кезеңде оқушылар белсене қатысып, өз білімдерін көрсете білді. Қазылар алқасының шешімімен топтар төмендегідей марапатталды:
1 орын 4432 (OMF)
2 орын 4211 (OMF)
3 орын 4431 (ОМФ).
Олимпиаданың үздік оқушылары: Қапезова Айдана (4432 топ) «Рентгендік бейнелерді интерпретациялау», Омаралинова Аяулым (4432 топ) «Хирургиялық түйіндерді байлау», Эльдар Серікказиев (4211 топ) «Қан тобын анықтау». Үздік студенттер мен топтар грамоталармен марапатталды.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз және олимпиадаға белсенді қатысқандары үшін алғыс айтамыз![/vc_column_text][vc_single_image image=”138549″][/vc_column][/vc_row]

