2023 жылдың 3 наурызда “СМУ” КеАҚ , Қоғамдық денсаулық кафедрасында “Еңбек және қоршаған орта гигиенасы /HARMONEE саласындағы магистрлік бағдарламаларды үйлестіру және өзара тану” жобасын іске асыру шеңберінде Erasmus + HARMONEE кабинетінің ашылуы өтті. Бұл кабинет толық жабдықталған және магистранттар мен докторанттарға есігін айқара ашты. Осы жоба аясында заманауи жабдықтар сатып алынды : 7 моноблок,7 ноутбук, сондай-ақ білім алушыларға арналған оқу гигиеналық жабдықтары. Кабинет “Қоғамдық денсаулық сақтау” , “МПІ”, “Денсаулық сақтаудағы менеджмент” мамандықтары бойынша магистранттар мен докторанттар өздерінің зерттеу жұмыстары бойынша жұмыс істей алады. Компьютерлердің жұмыс үстелдеріне SPSS және Mendeley бағдарламаларының соңғы нұсқалары жүктелген, алдыңғы қатарлы халықаралық электрондық кітапханаларға қол жетімді.
[/vc_column_text]
[/vc_column][/vc_row]


