«СМУ» КеАҚ жұқпалы аурулар, тері-венерология және иммунология кафедрасы «Күміс университет» жобасының жұмысына белсене қатысып, медицина ардагерлерін 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады. 8 наурыз – сұлу әйелдер мерекесі күні бөлім қызметкерлері Шаймарданов Н.Қ., Смаил Е.М. мен 619 ЖДТ дәрігер-интерндері Аслан Қабдешов, Сағынай Данияр медицина саласының ардагерлерін Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады.
Көктемнің осынау мерекелік күнімен құттықтауларды Семей өңірінің денсаулық сақтау саласының дамуына зор үлес қосып, саналы ғұмырын медицина саласына арнаған дәрігерлер қабылдады. Қазір лайықты демалыста жүрген ардагер дәрігерлеріміз Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген дәрігері, анестезиолог Дурнобрагова Нейля Михайловна, инфекционист Азимжанова Бақыт Мұхамеджанқызы, лаборант- дәрігер Чан-Пин Нина Андреева, медбикелер Газизова Лидия Лаврентьевна, Каменская Ирина Николаевна.
8 наурыз мерекесімен құттықтаған инфекционисттер құрметті ардагер дәрігерлерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тіледі. Және, әдеттегідей, қарапайым сыйлықтар құттықтауға жақсы қосымша болды, өйткені біздің ардагерлер үшін ең бастысы – назар аудару!
Шаймарданов Н.К., Смаил Е.М.
[/vc_column_text][vc_single_image image=”138423″][/vc_column][/vc_row]