“Студенттік ортада құқық бұзушылықтардың, Академиялық адалдық қағидаттарының бұзылуының алдын алу”тақырыбындағы дөңгелек үстел.
2023 жылы 28 Ақпанда “СМУ” КеАҚ терапия кафедрасында терапия кафедрасының ассистенті А.С. Жүніспекованың жетекшілігімен “Жалпы медицина” факультетінің 5 курс студенттері мен Терапия, Гематология, Кардиология мамандықтарының резиденттерінің қатысуымен “Құқық бұзушылықтардың алдын алу ,студенттік ортадағы Академиялық адалдық қағидаттарын бұзу” тақырыбына арналған дөңгелек үстел өткізілді. Бағдарламаның басым бағыты білім алушылардың, “СМУ” КеАҚ ПОҚ және қызметкерлерінің, оның ішінде “СМУ” КеАҚ филиалдары қызметкерлерінің академиялық адалдығы мәселелерінде әділ, ашық көзқарас қағидаттарын іске асыруға бағытталған.
Аталған іс-шара барысында студенттер Академиялық адалдық қағидаттарын сақтау және сыбайлас жемқорлық пен кемсітушіліктің кез келген түріне төзбеушілік көрсету бойынша белсенді талқылау өткізді.

