“Заманауи гаджеттер”

“Заманауи гаджеттер”

Н. А. Хлопов атындағы анатомия, гистология және топографиялық анатомия кафедрасы, 4 наурызда № 2 жатаханадағы студенттермен “Заманауи гаджеттер” тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстелде кафедра оқытушылары Қорганбаева Г.А, Шакирова М.Е, Дюсембаева С.С студенттерге қызықты ақпараттармен бөлісті, гаджеттің адам ағзасына деген зияны туралы әр түрлі зерттеу түрлерімен және № 2 жатахананың студенттері өз ойлары мен гаджетке қанша уақыттарын жұмсайтындарын бөлісті.

Әр түрлі гаджеттер (телефондар, планшеттер және т.б.) бұрыннан біздің өмірімізде таптырмас нәрсеге айналды. Гаджеттерді байланыс пен ойын-сауық үшін ғана емес, сонымен қатар оқу үшін де пайдалануға болады. Негізінен біздің университеттің студенттері оқу үшін гаджеттерді пайдаланады. Студенттермен бірге Гаджеттерді қолданудың оң және теріс жақтары талқыланды. Гаджеттерді жиі және қалыптан тыс пайдалану бірқатар жағымсыз салдарға әкелуі мүмкін: денсаулық проблемалары (көру қабілетінің нашарлауы, қалыптың бұзылуы, бұлшықет проблемалары), тәуелділік (құрылғыны жиі пайдалану, өмірде басқа қызығушылықтардың болмауы, жеке сипаттағы проблемалар және т.б.). Қазіргі заманғы гаджеттердің артықшылықтары ыңғайлылықты, жылдамдықты, кәсіби қажеттілікті, өмір ритағын жаза алады, интернеттегі ақпаратқа қол жеткізуге мүмкіндік береді, әртүрлі бағдарламаларды пайдалануға мүмкіндік береді. Гаджеттерді пайдаланудың көптеген артықшылықтары бар, бірақ денсаулыққа зиян келтірмеу үшін кейбір ережелерді сақтау қажет.[/vc_column_text]

[/vc_column][/vc_row]

Жарияланды:
Рубрикалар: Дөңгелек үстелдер