«Семей Медициналық университеті» КеАҚ
ҚР еңбек сіңірген ғылым қайраткері Т.А. Назарова атындағы физиологиялық пәндер кафедрасы.
«Семей Медициналық Университеті» КеАҚ визитинг-профессорларды шақыру бағдарламасы аясында мастер-класстар өткізіледі. Жоспарға сай ҚР еңбек сіңірген ғылым қайраткері Т.А. Назарова атындағы физиологиялық пәндер кафедрасы онлайн форматында КеАҚ «Семей Медициналық Университеті» және ФМБЖБМ «Кемерево Мемлекеттік Медицина Университеті» бірігіп мастер-класс өткізуде. Мастер –класс дәріс түрінде 2023 жылдың 07.02.-09.03. аралығында жоспарланған. Визитинг-профессор ретінде Кемеровадан м.ғ.к., доцент Валентин Григорьевич Шелихов шақырылды. Дәріске «СМУ» КеАҚ «Жалпы Медицина» мамандығының 2 курс студенттері және кафедра ұжымындағы жас оқытушылары қатысты.
Оқылған дәріс CBL жаңа инновациялық технология бойынша жүргізілуде. СBL технологиясы бойынша оқылған дәрістер студенттердің білімді алуға құштарлығы, теориямен практиканың байланысы туралы түсініктемелері жоғарлайды, шешім қабылдауға, бір топта жұмысты атқаруға және өз шешімін, пікірін дәлелдеуге үйретеді. Сол себептен «СМУ» КеАҚ ҚР еңбек сіңірген ғылым қайраткері Т.А.Назарова атындағы физиологиялық пәндер кафедрасының меңгерушісі Сауле Орынгазыевна Рахыжанова және ФМБЖБМ Кемерево ММУ госпиталдық терапия және клиникалық фармакология кафедрасының доценті, м.ғ.к. Валентин Григорьевич Шелихов бірігіп онлайн ZOOM платформасында осы дәрістерді жүргізуде.
Студенттер алынған ақпараттың айқындылығы мен қол жетімділігін ерекше атап өтті. Әр дәріс соңында студенттер тарапынан кері байланыс болды, білім алушылар түрлі сұрақтар қойып, оған сай толық жауап алып отырды. Дәріс әлі жалғасуда.[/vc_column_text]
[/vc_column][/vc_row]






