2023 жылдың 24 ақпаны мен 28 ақпаны аралығында Семей медицина университетінің КеАҚ психиатрия және наркология кафедрасының қызметкерлері «Психоактивті заттарға тәуелділіктің, ойынға тәуелділіктің алдын алу» тақырыбында дәрістер топтамасын өткізді. Қатысушылар: 1, 2, 3, 4, 5 курс «Стоматология», «Фармация», 1, 4 курс «Мейіргер ісі», 1,2,3,4 курс «Қоғамдық денсаулық сақтау» студенттері. Іс-шараны ұйымдастырушылар: Қоғамдық денсаулық сақтау, стоматология, фармация және мейіргер ісі мектебі және психиатрия және наркология кафедрасының меңгерушісі PhD докторы Молдағалиев Т.М., кафедра ассистенттері Жаныбеков С.Д., Брыжахина Ж.Д., Алмағамбетова А.А., Сексенбаев Н.Ж.
Дәрістің негізгі мақсаты – студенттердің психоактивті заттарға тәуелділік пен ойынға тәуелділіктің алдын алу туралы түсініктерін қалыптастыру.
Семей медицина университетінің студенттеріне таныстыру және құттықтау сөзін: психиатрия және наркология кафедрасының меңгерушісі, PhD докторы Молдағалиев Т.М., кафедра ассистенттері Жаныбеков С.Д., Брыжахина Ж.Д., Алмағамбетова А.А.Сексенбаев Н.Ж.
Барлық қатысушылар талқылауға белсене қатысып, еркін пікірталас жүргізіп, сұрақтар қойды.[/vc_column_text]
[/vc_column][/vc_row]


