10.03. 2023 жылы психиатрия және наркология кафедрасында “Құқық бұзушылықтардың алдын алу, студенттік ортадағы академиялық адалдық қағидаттарын бұзуының алдын алу” тақырыбында кураторлық сағат өткізілді. Қатысушылар: 5108 ЖМ студенттері. Ұйымдастырушы: кафедра ассистенті А. А. Алмагамбетова. Семей медицина университетінің 5 курс студенттеріне құттықтау сөз айтып, А. А. Алмагамбетова өз сөзінде білім сапасы мен академиялық адалдық – унивеситеттін басты қағидаттары екенін атап өтті. Дәрігер мамандығы-ең әлеуметтік маңызды мамандықтардың бірі. Адамдардың өмірі мен денсаулығы білім сапасына, кәсіби дағдылар деңгейіне, қабылданған шешімдерге байланысты.
Академиялық адалдық – жеке адалдық пен оқу жауапкершілігін дамытатын білім беру процесінде студенттердің мінез-құлқының құндылықтары мен принциптерінің жиынтығы. Білім беру үдерісіндегі студенттердің академиялық құндылығының негізгі қағидаттары: адалдық, автордың құқықтарын қорғауды жүзеге асыру, ашықтық, өзара сенім, студенттер мен оқытушылар арасында ашық ақпарат және идеялар алмасу; студенттердің құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу теңдік болып табылады. Әр студенттің міндеті академиялық адалдық ережелерін сақтау және оларды бұзғаны үшін жауапкершілік арту.
“Семей медицина университеті” КеАҚ көптеген онжылдықтар бойы денсаулық сақтаудың әртүрлі бағыттары бойынша жоғары білікті мамандарды дайындап, оларға халықаралық стандарттарға сәйкес келетін берік білім мен дағдыларды ұсынады. Табыстың критерийлерінің бірі академиялық адалдық қағидаттарын мүлтіксіз сақтау және құқық бұзушылықтардың кез келген көріністеріне нөлдік төзімділік болып табылады. Университеттің академиялық адалдық принциптері қатаң, әділ және әр студент үшін міндетті.