2023 жылдың 10 наурызында Абай ауданындағы «Әуезов» жедел жәрдем станциясында медицина қызметкерлеріне қызылшаның алдын алу бойынша семинар өтті.
Дүние жүзіндегі қызылшаның эпидемиологиялық жағдайы туралы «СМУ» КеАҚ ЖТД 619 тобының интерндері баяндады. Спикерлер қызылшаның ауа-тамшылы жолмен берілу механизмі бар вирустық текті өте жұқпалы ауыр ауру екенін және бұл инфекцияның жұқпалылық индексі 100%-ға жақындайтынын атап өтті.
Қызылша клиникасы мен оның асқынулары жан-жақты қарастырылып, қызылшамен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету алгоритмі бөлек көрсетілді.
Уақытылы және толық вакцинациялау қызылшаға және басқа да вакцинамен басқарылатын ауруларға жеке және халықтың иммунитетін қамтамасыз етудің кілті болып табылатынына баса назар аударылды.
Шаймарданов Н. К., Смаил Е. М.