2023 жылдың 10 наурызында Семей қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасында аса қауіпті зооноздық инфекциялардың: сібір жарасы мен бруцеллездің алдын алу бойынша семинар өтті. Семинарға Семей қаласының емдеу мекемелерінің медицина қызметкерлері қатысты.
Бұл семинарға қазір жұқпалы аурулар, дерматовенерология және иммунология кафедрасында оқитын ЖТД 619 тобының интерндері және “Отбасылық медицина” мамандығының 102 тобының резиденттері белсенді қатысты.
Лекторлар бруцеллез және сібір жарасы бойынша әлемдегі, Қазақстан Республикасындағы эпидемиологиялық жағдайы қарастырды. Семинар барысында интерндер клиникаға, аталған зооноздардың алғашқы көріністерін еске алып, осы аса қауіпті ауруларға күдік туындаған жағдайда эпидемиологиялық тарихты егжей-тегжейлі нақтылау қажеттігін атап өтті. Қатысушылар семинар тақырыбы бойынша талқылауға белсенді қатысты.
Шаймарданов Н. К., Исабекова Ж.Б., Смаил Е. М.