Басқарма төрағасының ғылым және стратегиялық даму жөніндегі орынбасары Омаров Назарбек Бақытбекұлы Халықаралық ынтымақтастықты және жетекші медициналық университеттермен, клиникалармен стратегиялық серіктестікті дамыту мақсатында ресми іс-сапармен Үндістанда жүр.
2023 жылдың 11 наурызынан 12 наурызына дейін Омаров Н.Б. Махараштра штатындағы Пуне қаласының D. Y. Patil Vidyapeeth (DPU) университетіне барды. Осы университетке сапары барысында оның материалдық-техникалық базасымен, сонымен қатар биотехнология мектебінің, мейірбике ісі мектебінің, клиникалық базалардың, симуляциялық орталықтың, кітапхананың және басқа да құрылымдық бөлімшелердің жұмысымен танысты.
Сапар нәтижесінде ынтымақтастық және стратегиялық әріптестік туралы келісімге қол қою туралы шартқа қол жеткізілді. Тараптар MBA бағдарламасын бірлесіп әзірлеу және жүзеге асыру, сондай-ақ білім, ғылым және клиникалық тәжірибе саласындағы ынтымақтастықты дамытуға келісті.
13.03. – 14.03.2023 ж. аралығында Басқарма төрағасының ғылым және стратегиялық даму жөніндегі орынбасары Нью-Делидегі Max Institute of Medical Excellence, Үндістанның медициналық зерттеулер кеңесі сияқты ұйымдарға, сондай-ақ Үнді жоғарғы оқу орындары қауымдастығының бас кеңсесіне екіжақты ынтымақтастықты талқылауға барады.[/vc_column_text]
[/vc_column][/vc_row]









