СМУ ҚеАҚ 1 жыл резидент-инфекционист Балтабек Айгерім 11 наурызда Уфа қаласында өткен ” Қазіргі кезеңдегі жұқпалы аурулар: проблемалар және шешу жолдары “атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты. Конференция гибридті режимде өтті. Іс-шараның тақырыптық бағыттары: COVID – 19-пәнаралық проблема; респираторлық және асқазан-ішек жолдарының жұқпалы аурулары; Герпесвирустық инфекциялар; жұқпалы аурулардың иммунопрофилактикасы.
Конференция жұмысына жұқпалы аурулар, дерматовенерология және иммунология кафедрасының резиденті мен қызметкерлері қатысты. “Бас миының эхинококкозы. Клиникалық жағдай ” атты баяндамамен Балтабек Айгерім сөз сөйледі. Баяндаманы кафедра доценттері Г.И Нуралинова мен С. Б. Маукаева да дайындады. Баяндамада әлемде және Қазақстанда эхинококкоз проблемасы жайлы , эндемиялық аймақтар жайлы және ми эхинококкозының клиникалық жағдайы келтірілді.

